Қарағандыдағы жарылыс: Ауруханаға жеткізілген екі адамның жағдайы белгілі болды
18.02.2024 13:08
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қарағандыда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген екі адамның қазіргі жағдайы белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, екі тұрғынның бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 1966 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 40% күйік шалған оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ал 2008 жылы дүниеге келген қыз баланың жағдайы орташа. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жарақаттанған. Ауруханаға жатқызылған науқасқа консервативті ем жүргізілуде.
Еске салсақ, бүгін Қарағандыда Депутатская көшесінде орналасқан тұрғын үйде сағат 03.30 шамасында жарылыс болды.
Оқи отырыңыз:
- Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болып, екі адам ауруханаға жатқызылды
- Көкшетауда жылыту пешінің қазандығы жарылып, бір бала зардап шекті
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

