Видеодан кадр

Қарағандыда жол апатынан бес адам қаза тапты

01.04.2024 00:20

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Апат салдарынан бес адам қаза тапты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне қырағы болып, жол ережесін бұзбауды сұрайды", - деді Қарағанды ​​қаласы әкімдігі басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Солтүстік-шығыс айналма жолда болды.