Жаңалықтар

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің соты көрсетіледі

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің соты көрсетіледі
Фото: Әлеуметтік желі 17.06.2024 12:33 309

Жоғарғы сот республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін айыпталған қылмыстық іс бойынша сот отырысының жалғасы Қарағанды қаласында 17 маусымда сағат 12:00-де өтеді.

Айта кетейік, 27 қаңтарға қараған түні қоқыс тастауға шыққан Нұрболат Дәкебаев  екінші квартал шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында тұрған жедел жәрдем көлігін көреді. Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігі қоқыс контейнерлеріне өтетін жолды жауып тұрған. 

Сотталушы жол жиегінде келе жатып, Төреғали Берікқалиұлына балағат сөздер айтып, жедел жәрдем көлігін итеріп жіберген, қайтар жолда фельдшердің көзінше жүргізушіге тағы да балағат сөздер айта бастаған. Бұрылыста Берікқалиұлы Дәкебаевтың наразылығының себебін анықтау үшін көліктен түскен. Сағат 00:15 шамасында айыпталушы екі қолын жұдырықтап, Берікқалиұлының беті мен басынан кезекпен үш рет соққы жасап, одан кейін сол жақ қабырғасына бір рет соққы берген. Жәбірленуші миы шайқалып, жабық бассүйек-ми жарақаты, мұрын сүйектерінің жабық сынуы, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен Мақажанов атындағы емханаға жеткізілген, – деді прокурор Бекзат Әшірбеков.

Нұрболат Дәкебаев өз қылмысын қасақана жасамағанын айтып, өкінетінін айтқан. Өзінің айтуынша, іздеуде жүргенін бесінші күні біліп, бірден полицияға берілуге бел буған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға