Қарағандыда жатақхана өртеніп, 10 адам ауруханаға түсті
02.04.2025 17:32
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды қаласында университет жатақханасынан өрт шыққаннан кейін 10 студент ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасында болған. Бірінші қабатта қоқыс құбырынан өрт шыққан. Тілсіз жау 1,5 шаршы метр ауданға тарады.
Құтқарушылар баспалдақпен төрт адамды шығарып алды. Ал өрт 19 минуттың ішінде өшірілді, - делінген ресми хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасы 10 студенттің зардап шеккенін хабарлады. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға түскенде жағдайы тұрақты болды. Қазіргі кезде қосымша медициналық тексерістен өтіп жатыр. Одан кейін үй жағдайында емделуге ауыстырылады", - дейді дәрігерлер.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

