Жаңалықтар

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам құрықталды

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам құрықталды
Фото: polisia.kz 20.03.2023 13:44 906

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қала бойынша зергерлік бұйымдар дайындап сататын бірнеше дүкендер желісін ұстайтынын айтқан. Түнгі уақытта белгісіз біреулер осындай дүкеннің біріне ұрлыққа түскенін хабарлады.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, белгісіз адамдар дүкен есігін бұзып, ішке кіріп, сөреде тұрған күміс бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға