Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
10.07.2024 11:37
522
Қаржы мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандардың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.
Оның банк шотына түскен қаражаттың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.
Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.
ҚМА азаматтарды лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Қошқарбаев көшесі тағы жабылды
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды