Жаңалықтар

Қарағандыда үш азаматтан 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Қарағандыда үш азаматтан 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді
Фото: polisia.kz 02.10.2024 15:46 394

Қарағандыда үш азаматтан 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 10 миллион теңгеден астам сомаға электрондық темекі (вейп) партиясын тәркіледі. Операция шегілмейтін темекі өнімдерінің және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүргізілді. Жоспарлы іс-шара барысында полиция қызметкерлері 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жалпы саны 1627 дана болатын 15 қорап электронды темекі өнімдері анықталып, тәркіленді.

Аталған тауарларды ұсталғандар сатуға апара жатқаны белгілі болды. Заңсыз электрондық темекіні сату және тарату күдігі бойынша 21 мен 24 жас аралығындағы үш адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.

Айта кету керек, осы жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң қабылданып, ол 20 маусымда күшіне енді. Полиция департаменті азаматтарға заңнаманы сақтау қажеттігін және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қатысуға сақ болуды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға