Қарағандыда төтеншеліктер әр сенбіде ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған
02.11.2024 21:38
Фото:
Видеодан кадр
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбі күндері ағаш отырғызу шарасын дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін ведомство басшылығы мен жеке құрам Қарағанды қаласында орналасқан №7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында жиналып, сенбілік өткізді. Шара барысында аумақ тазаланып, ағаш отырғызылды. Бұл күні әдеттегідей облыстың барлық бөлімшелерінде аумақтар мен қызметтік үй-жайлар тазаланды.

