Қарағандыда сәбиін үйдің дәлізіне тастап кеткендер ұсталды
Мөлдір Қайнар тілші
Нәрестені далаға тастаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер анықталды. Олар – 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатқандығын мәлімдеді.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқаны хабарланды.

