Қарағандыда қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталды
Фото: elorda.info
Фото: elorda.info
19.12.2022 16:31
1325
Қарағандыда қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды.
Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.
Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды