Жаңалықтар

Қарағандыда Құтқарушылар аллеясы ашылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді
Қарағандыда Құтқарушылар аллеясы ашылды
Фото: gov.kz 20.10.2022 19:05 1242

Қарағанды қаласында Құтқарушылар күніне орай Құтқарушылар аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабрлайды El.kz. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қарағанды қаласы басшылығының қолдауының арқасында Қарағанды қалалық мәслихатының шешімімен Жеңіс саябағындағы орталық аллеялардың бірі құтқарушыларға арналды.

Салтанатты шараға Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің туыстары қатысты.

Шақырылған құрметті қонақтар құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, құттықтау сөз сөйледі.

Алдағы уақытта Құтқарушылар аллеясы алаңында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш орнату жоспарлануда. Ашылу салтанатына қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар, мерекелік күні қалыптасқан дәстүр бойынша жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Аллеяның ашылуы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің салтанатты маршымен жалғасты.

Еске алу ағаштарын отырғызуға Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен құрметті қонақтар қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға