Қарағандыда қар құрсауында қалып қойған екі тұрғын аман-есен табылды
04.02.2025 19:35
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қарағанды облысында төтеншеліктер Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ кенті бағытында екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, олар кеше түнде Балқаш қаласы бағытында сорғы станциясынан автокөлікпен шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған. Іздестіру тобы Ащыөзек станциясына дейін 20 шақырым жерде жоғалғандарды тапты. Белгілі болғандай, олар қар құрсауында қалып қойып, қозғалысты жалғастыра алмаған.
Автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, Балқаш қаласына дейін жеткізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

