Қарағандыда қала ішінде жаңа алма бағы пайда болады
Қарағандыда көпшіліктің жақсы көретін саябақ аттракционы балалар теміржолы жаңартылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жоспар туралы қала әкімі Мейрам Қожухов облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте айтты.
Сіздің тапсырмаңыз бойынша маршрутты кеңейте отырып және хайуанаттар бағы ауданында қосымша аялдама пунктін ұйымдастыра отырып, балалар темір жолын жаңғыртуға, кондиционерлермен және оқшаулаумен жабдықталған вагондарды жаңартуға бюджеттен шығыстар көзделген. Сондай-ақ, теміржол бойында бес мыңға жуық алма ағашы отырғызылады, – деді Мейрам Кожухов.
Оның айтуынша, арнайы тапсырыс бойынша жаңа вагондар шығаратын кәсіпорын табылды. Ермағанбет Бөлекпаев маршрутты хайуанаттар бағына дейін ұзарту қажеттігі туралы көптен айтылғанын еске салды.
Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағының дамуына жалпы тоқталды. Облыс әкімі ескірген аттракциондар мен олардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Ол саябақ аумағында жұмыс істейтін бизнестің жоғары бағасына да назар аударды.