Қарағандыда қабатты үйдегі өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады
05.09.2025 01:21
Фото:
gov.kz
Қарағанды облысының Приозерск қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға кезінде құтқарушылар 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жалын үйдің тұрмыстық заттары мен жиһазын, пластикалық есігін, төбеге орнатылған пластикалық панельдерді, сондай-ақ балконның ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 12 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары үйден 10 адам, соның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Барлығы көміртегімен уланудан құтқарылды. Сөндіру барысында пәтерден газ баллонын уақытылы қауіпсіз жерге шығарылды, бұл ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,-деп атап өтті министрліктен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

