Қарағандыда полицейлер қайтыс болған әріптесінің ұлын мектепке алып барды
Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қайтыс болған әріптесінің ұлын 1-сыныпқа мектепке алып барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды қаласының ПБ жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы қызметін атқарып жүріп жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Мурсал Сыздықовтың ұлы Дінмұхаммед 1 қыркүйекте Қарағанды қаласы 27 мектептің 1-сыныбына барды. Баланы мектепке марқұм полицейдің әріптесі – Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасары Алмас Жаппаров алып келді.
Қайғылы оқиға 2017 жылдың 22 қаңтарында болған. Патруль қызметкерлері мас жүргізушінің басқаруымен көлікті тоқтатқан. Соңғысы қашып кетпек болған, бірақ полиция қызметкері А.Жаппаров кабинаға секіріп үлгерген. Ол күдіктіні тоқтатуға көндіре тырысқан, бірақ ол қозғалысын жалғастырып, жолда көлікті басқара алмай көпірден ұшып кеткен. Полицей оқиға орнында көз жұмған.
Мурсал Сыздықов үлгілі қызметі үшін ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Қарағанды облысы әкімдігінің бірқатар көтермелеулеріне ие болды. Оның артында 6 жасар қызы мен сол кезде сегіз айлық ұлы қалды. Қазір бала жеті жаста және оның өмірінде маңызды сәт келді – білім алуға алғашқы қадам жасау.
Мектепте Алмас Жаппаров Дінмұхаммедті бірінші сынып жетекшісіне тапсырып, жаңа білім мен жетістіктерге ұмтылатын бірінші сынып оқушысына оқуда сәттілік тіледі.