Қарағандыда Өзбекстанға тиесілі жүк вагондары рельстен шығып кетті

Фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ
Фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ
02.02.2025 19:44
456
Кеше сағат 15:30-да Қарағанды-Сұрыптау станциясында жүк пойызы вагонының рельстен шығып кету оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚТЖ-ның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, вагонның бүйір жақтауының сынуы апаттың негізгі себебі ретінде қарастырылуда. Аталған вагонның меншік иесі өзбекстандық компания болып табылады, - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда мектеп асханасының санитарлық тазалығы тексерілді
Келесі жаңалық
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өтті