Жаңалықтар

Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды

Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды
Фото: Видеодан кадр 25.03.2024 06:31 525

24 наурыз күні сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды.

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға