Қарағанды облысында қар шығару, қаптарға құм толтырып төсеу, сондай-ақ мұз жару, мұз кесу және өзендерде мұзды бұрғылау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта 1,945 млн тоннадан астам қар шығарылып, 29,8 шақырым су бұру арналары мен 9 шақырым арық салынған. 25,2 шақырым канал мен 35,8 км арық, 1944 су өткізу құбыры мен 359 көпір тазартылған.
Мұз кептелісінің алдын алу мақсатында өңірде 6-15 наурыз аралығында Бұқар-Жырау және Нұра аудандарында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Нұра өзені, Өткелсіз өзені, Жаманқон өзені. Барлығы 2890 шаршы метраумақта мұз жару жұмыстары орындалған.
ТЖД облыстық жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

