Жаңалықтар

Қарағандыда мектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге талап еткен

Қарағандыда мектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге талап еткен
Фото: © Polisia.kz 14.11.2023 16:26 749

Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға 39 жастағы анадан арыз түскен. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама таратынын айтқан.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Күдікті оқушының 15 жастағы сыныптасы екені белгілі болды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтқан.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға