Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен 17 адам құтқарылды
19.09.2024 23:06
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 4-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстар жанып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында тұншығудан құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам құтқарылды. Соның жетеуі кәмелет жасына толмаған балалар.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

