Жаңалықтар

Қарағандыда гүл сатып алған ер адамды полиция ұстап әкетті

Қарағандыда гүл сатып алған ер адамды полиция ұстап әкетті
Фото: pixabay.com 12.07.2024 13:33 1413

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері жалған купюралармен тауарға ақша төлеп жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды ​​ПБ Михайловский полиция бөлімі тергеу-жедел тобының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.

Ер адам қала саябақтарының бірінде балмұздақ сатып алған. Бұл ретте барлық жағдайда номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый купюраларымен төлеген. Ол гүл шоқтарын сатып алған гүл дүкенінде де осындай қулық жасаған. Келтірілгнен шығынның сомасы 30 мың теңге болған, - делінген хабарламада.

Сауда нүктелерінде орнатылған бейнекамералардың арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға