Жаңалықтар

Қарағандыда героин сатқан әйел 12 жылға сотталды

Қарағандыда героин сатқан әйел 12 жылға сотталды
Фото: © Polisia.kz 13.10.2023 14:00 752

Қарағандыда 53 жастағы әйел аса ірі мөлшерде героин есірткісін сатқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасына Қарағанды қаласында белгісіз бір азаматша есірткі сатып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы азамат ұсталды.

Оның пәтеріне жүргізілген санкцияланған тексеріс жұмыстары барысында үш полимерлік пакетке оралған 58 орам ақ түсті зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 448,38 грамм героин есірткісі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілген болатын. Тергеу әрекеттері жан-жақты жүргізіліп, қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Соттың шешімі бойынша күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға