pexels.com

Қарағандыда екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті

09.05.2023 21:04

Қарағандыда бүгін, 9 мамырда, сәби терезеден құлап көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қарағандының Оңтүстік-шығысында орналасқан үйдің 7-қабатынан 2021 жылы туған бүлдіршін құлап кетті. Сәби алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Қарағанды қаласының ТЖ басқармасы балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.