Жаңалықтар

Қарағандыда екі жасар баланың мұрнынан дәрігерлер 10 тірі құрт алып шықты

Қарағандыда екі жасар баланың мұрнынан дәрігерлер 10 тірі құрт алып шықты
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 20.07.2023 16:13 1059

Қарағандының дәрігерлері екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шығарды. Ата-анасы бүлдіршіннің мұрын қуысында бөтен дене қанша күннен бері жатқанын білмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі жасар баланың ата-анасы 18 шілдеде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жүгінген. Олар 19 шілдеде қайта шақырылып, баланы дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызылды. Анасының айтуынша, қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болғанын әжесі сезген. Алайда дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастағанда жүгінген.

Қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы 2,6 жастағы қызды мұрыннан қан кетумен және мұрнында бөгде дене бар деген күдікпен алып келді. Риноксопия кезінде оң жақ мұрын жолынан бөгде денелер (губка, тірі құрттар) табылды, - деп хабарлады Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы.

Белгілі болғандай, баланың мұрнында 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігі болған.

Мұрын қуысына механикалық санация жүргізілді. Жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық тексеру жоспарлануда. Орофарингеальды фарингоскопияда ерекшелік жоқ, жұту әрекеті еркін, тамақ еркін келеді, дауысы жақсы, бала белсенді. Синус рентгенография нәтижесінде синуситтің катаральды құбылыстарын анықтадық, - деп қосты балалар клиникалық ауруханасы.

Дәрігерлер бұл сирек кездесетін жағдай дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға