Жаңалықтар

Қарағандыда автобус жолақысы қымбаттады

Қарағандыда автобус жолақысы қымбаттады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 03.06.2024 14:57 611

Бүгіннен, яғни 3 маусымнан бастап Қарағанды мен серіктес қалаларға қатынайтын қоғамдық көліктердегі жол жүру құны қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді қарағандылықтар мен қала қонақтары автобустарда ONAY! электронды төлем жүйесі арқылы қолмақол ақшасыз 100 теңге, ал қолмақол ақшамен 200 теңге төлейтін болады. Бұған дейін тариф қолмақол ақшасыз 80 теңге, ал қолмақол ақшамен 160 теңге болған.

Еске сала кетсек, наурыз айында мәслихаттың кезекті сесиясында жолақыны көтеру жайлы шешім қабылданған еді. 

Жаңа тарифті мамыр айынан бастап қолданысқа енгізу қарастырылғанымен, кейінірек бұл шешім 1 айға шегерілді.

Қоғамдық көліктегі тариф 1 маусымнан бастап қолмақол ақшасыз 100 теңге және қолмақол ақшамен 200 теңге болатындығы жайлы хабарланған болатын. ONAY! электронды төлем жүйесіндегі техникалық баптаулардың жүргізілуіне байланысты тарифті көтеру 3 маусым дүйсенбіге ауыстырылған болатын. Бүгінгі күннен бастап қала ішілік және қала маңы автобустарындағы тариф өсті, - деп атап өтті Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға