Жаңалықтар

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

Орталықта Монтессори, сенсорлық интеграция және өмірлік дағдылар бөлмелері жұмыс істейді
Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды
Фото: gov.kz 22.10.2022 19:00 1981

Қарағандыда аутизммен ауыратын балаларды қолдаудың жаңа орталығы таныстырылды. Бұл мекеменің қажеттілігі туралы ата-аналар Қарағанды облысының әкімімен кездесулерде бірнеше рет айтқан болатын, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

Көптен күткен нысанға жыл сайын 700 бала бара алады. Бұл жерде облысымыздың кішкентай тұрғындарын әлеуметтендіру ғана емес, олардың ата-аналарын оқыту да көзделіп отыр. Қызметтер тегін көрсетіледі.

– Балалар жылы бізге заманауи орталық сыйға тартылды. Мемлекеттің арқасында балаларымыз әлеуметтене алады, ал біздің жүрегімізге барлық қиындықтарды жеңердей үміт ұялады. Менің ұлымның проблемалары да шешіледі деп үміттенемін, – деді ерекше баланың анасы Ботагөз Меңдігереева.

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

Орталықта 20 практикалық кабинет, соның ішінде Монтессори, сенсорлық интеграция және өмірлік дағдылар бөлмелері жұмыс істейді. Мамандар аутизм диагностикасы, мінез-құлықты қолданбалы талдау, сенсорлық интеграция бойынша Қазақстанның жетекші сарапшыларынан оқытылды. Әрбір тәлімгер үшін жеке педагог және жеке оқыту бағдарламасы қарастырылған.

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

– «Асыл Мирас» орталықтарында біз ғылыми дәлелденген әдістемелер бойынша көмек көрсетеміз. Түзету бағдарламалары нәрестелерден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.  Сондай-ақ мамандарды қосымша оқытамыз. Біздің орталықтарымыздың басты ерекшелігі – түзету процесіне ата-аналар белсенді қатысады. Олар балалардың сабақ барысында алатын дағдыларын бекітеді, – деді Болат Өтемұратов қорының HR-менеджері Ирина Аксёнова.

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

– Біз "Асыл Мирас" қорының орталықтары бағдарламаларының тиімділігі туралы бұрыннан білеміз. Енді біздің балаларымыз өз қаламызда білікті тегін көмек ала алады. Орталықты құруға көмектескені үшін, педагогтерімізді аутизмді түзетудің озық әдістемелеріне оқытқаны үшін Қорға зор алғысымды білдіремін. Мен ата-аналарға осы нысанның ашылуын күткені үшін бөлек алғыс айтқым келеді. Мен сіздердің қуаныштарыңызға ортақпын, – деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған жаңа орталық жұмысын бастайды

Орталық Михайловка шағын ауданында, Қасым Аманжолов көшесі, 92 мекенжайы бойынша орналасқан. Балаларды қабылдау қарашада басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға