Қарағандыда «Армысың, әз Наурыз» айтысы өтеді
13.03.2025 07:24
Фото:
Қарағанды облыстық әкімдігі
Қарағандылықтарды жыл сайынғы «Армысың, әз Наурыз» атты жас ақындар айтысына шақырады. Оған облыстың талантты айтыскерлері қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Армысың, әз Наурыз» айтысы Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оны Облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
Облыстық әкімдік мәліметінше, биыл шығармашылық сайыста 2024 жылы өңірдің «Үздік айтыскер» атағына ие болған Нұрмұхаммед Байсүгір, Тілеген Әділ, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Ками және Мақсат Аханов және т. б. республикалық айтыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары өнер көрсетеді.
Айтыскерлердің сайысы Кеншілер мәдениет сарайында 17 наурызда сағат 19:30 өтеді. Кіру тегін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

