Жаңалықтар

Қарағандыда 4 жасар қызды ит қауып алды

Қарағандыда 4 жасар қызды ит қауып алды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 08.07.2024 10:05 949

Қарағандыда 4 жасар қызды ит қауып алды. Оқиға Бадин көшесіндегі балалар ойын алаңының маңында болған, деп хабарлайды patriotkaragandy-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Иесі итті ағашқа байлап қойған екен. Бүлдіршін оны көріп, қасына жақындаған. Осы кезде ит қызға тап беріп, бетін тістеп алған. 4 жасар қызды иттің иесі анасымен бірге дереу ауруханаға жеткізген.   

Дәрігерлер қыздың бетінің 8 жеріне тігіс салды. Бірақ сіреспе немесе құтыру ауруына қарсы екпе сала алмай отыр. Себебі бүлдіршіннің ағзасында препараттарға қарсы реакция болды. Енді қыздың бетінде тыртық қалып қоятын болды. Иттің иесі қандай да бір жауапкершіліктен бас тартып отыр. Себебі кішкентай қыз ата-анасы немесе қамқоршысының қарауынсыз далада жүргенін және итке өзі келіп жақындағанын айтуда. Балалар қашаннан бері ойын алаңында ересектермен бірге жүруі керек? Тағы бір сұрақ, неге иттің тұмсығы тұмылдырықтаулы болмаған?,-дейді бүлдіршіннің анасының құрбысы.  

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.  

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға