Қарағандыда 36 сарбаз ауруханаға жатқызылды
20.08.2024 20:30
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қарағанды облысында әскери бөлімнің сарбаздары жаппай ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұлан мәліметінше, жедел ішек инфекциясымен Теміртау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 31 сарбаз, ЖРВИ диагнозымен тағы 5 сарбаз түскен.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Ауру ошағы ауыхдықталды. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген мәлілемтте.

