Жаңалықтар

Қарағандыда 12 жастағы бала саудасына қатысты тексеріс басталды

Қарағандыда 12 жастағы бала саудасына қатысты тексеріс басталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.02.2024 17:16 1569

Прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастауға бастамашылық жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп жасындағы бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылған. Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады, - делінген ақпаратта.

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға