Жаңалықтар

Қарағанды шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Қарағанды шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.10.2023 21:07 924

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты.

Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Көңіл айту жеделхаттарын Болгария Президенті Румен Радев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға