Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.03.2023 21:17
896
Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттарына сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Нәтижелермен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен осында берілген.
Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. Amanat партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, "Ақ жол", "Байтақ", Respublica, ҚХП және "Ауыл" партияларының өкілдері өтті. Жеңімпаздар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.
Жаңартылған Қарағанды мәслихатында депутаттардың орташа жасы - 44 жас. Ең кішісі 27 жаста, ең үлкені 64 жаста. Төрт әйел.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда 3 баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды