Жаңалықтар

Қарағанды оқушылары мектептерде порнографиялық және есірткі сататын сайттарды еркін пайдаланған

Қарағанды оқушылары мектептерде порнографиялық және есірткі сататын сайттарды еркін пайдаланған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 24.02.2024 08:25 928

Қарағанды облысындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін қолданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокурорлары тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтаған. Мәселен, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Ал Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен. Бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді делінген прокуратура мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Абай облысында алаяқтардың 48 сайты бұғатталды

ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға