Жаңалықтар

Қарағанды облысының жаңа әкімі өңір активіне таныстырылды

Бұл туралы primeminister.kz сайты мәлімдеді
Қарағанды облысының жаңа әкімі өңір активіне таныстырылды
Фото: primeminister.kz 08.12.2022 15:31 880

Өңір активімен кездесуде Премьер-министр облыс басшылығы өңірлік экономиканы, инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының күрт және негізсіз өсуіне жол бермеуді басты басымдықтардың бірі деп атады. 

Нарықты отандық өндірістің сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оның кең ассортименті мен жеткілікті болуы бағаның өсуін тежейді. Бұл бағытта әкімдік жұмыс істеуі керек, — деді ол. 

Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар өзекті мәселеге назар аударды. Мәселен, модернизация қарқыны төмен және технологиялық жағдайы нашар «АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдай алаңдаушылық туғызады, өнеркәсіптік қауіпсіздікке немқұрайлы қараудың салдарынан өлім-жітім саны артып отыр. Ол бүгін өндірісте тағы бір қайғылы жағдай болып, кәсіпорын қызметкері қаза тапқанын атап өтті. 

Мұның бәрі – компания басшылығының тікелей жауапкершілігі. Осыған байланысты оларға кәсіпорынның ешқандай сын көтермейтін барлық бағыттары бойынша наразылық білдірілді. Қазір Үкімет бұл мәселелерді реттеу бойынша белсенді келіссөздер бастап кетті, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол өнеркәсіптік өндірістердің экологиялық жағдайға тигізетін зардабын азайту, «Саран» индустриялық аймағын дамыту, білікті мамандарды даярлау, жалақыны уақытылы төлеу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға