Жаңалықтар

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды
Фото: Polisia.kz 22.09.2024 19:29 512

Мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою мақсатында Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлері аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді. 

Жыл басынан бастап облыс аумағында 25 мал ұрлығы тіркеліп, оның 18-і ашылды. Мәселен, өткен аптада Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын Голштейн асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілер ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, аталған блок бекеттер ерекше үкімге дейін жұмыс атқаратын болады. Мал ұрлығының басым бөлігі еркін жайылымнан болса, кейбір жағдайларда мал иесі төрт түлігінің қай уақытта жоғалғанын білмейтін кездер болады. 

Полицияға жайылымнан мал жоғалу бойынша 17 арыз түсіп, жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында 106 мал, яғни 56 жылқы, 12 ірі қара мал, 38 ұсақ мал табылды. Қарағанды облысының полиция департаменті облыс тұрғындарынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністік танытып, өз мүліктеріне сақтықпен қарауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға