Жаңалықтар

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.03.2023 20:11 1122

Облыста 4845 бірлік және 463 көпір көлемінде су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыстың  69 пайыз аумағында қар бар. Самарқанд су қоймасынан көлемі 15 м3/с, ағыны 7,5 м3/с, Ынтымақ су қоймасынан 8 м3/с, ағыны 16,7 м3/с су төгу жалғасуда. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағындар жоқ, делінген хабарламада.

Қар тазалау жұмыстары жалғасуда, облыстан 2 млн 238 мың м3 қар шығарылды. 135 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 185 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды.

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

Өңірде 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары басталды. Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша наурыз айының 3-ші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, осыған байланысты ТЖД тұрғындарға аула аумағын қардан белсенді түрде тазалауды, арықтарды және тұрғын үйлердің жанындағы каналдар тазартуды ескертеді. Төтенше жағдайдың туындауының барлық алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары арқылы хабарлаңыз. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға