Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті
Фото: Видеодан кадр/railway_1520
Фото: Видеодан кадр/railway_1520
25.04.2024 10:50
1774
Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды. Авторлардың жазуынша, пойыз вагондарының рельстері Ағадыр мен Айса стансаларының арасында шығып кеткен.
Көліктегі полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға