©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ

Қарағанды облысында жол жабылды

14.10.2024 09:35

«Қазавтожол» Қарағанды облысында жол қозғалысына шектеу қойылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 14 қазанда сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты РФ шекарасы (Екатеринбургке) -Алматы автожолының 1610-1855-шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы - Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.