Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қайтыс болды
15.11.2024 15:15
Фото:
Қарағанды облыстық ПД
Жол апаты бүгін, 15 қараша күні, сағат 10 шамасында Алматы — Екатеринбург тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала болжам бойынша, жол апатына көктайғақ себеп. Оқиға орнында жеті адам қайтыс болды, оның ішінде екеуі бала.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыровтың сөзінше, 54 жастағы «Тойота Альфард» жүргізушісі көктайғақтан көлікті басқара алмай қалып, кюветке құлап, аударылып қалған.
Жол апатынан жүргізуші мен алты жолаушы, оның ішінде екі бала оқиға орнында қайтыс болды. 12 жасар жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, — деді Жасқайрат Қайыров.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

