Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
25.11.2023 14:27
Фото:
ІІМ-нің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы аумағындағы жолда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тас жолында Lada Vesta автокөлігімен Mercedes Benz автокөліктерінің қатысуымен болды.
Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

