Видеодан кадр

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды

15.10.2023 19:28

15 қазан күні  Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде  Hyundai Sonata және Neoplan  автобусының қатысуымен жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata  автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, -деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.