Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында жол апатынан 13 адам зардап шекті

16.07.2023 21:33

Қарағанды облысында жол апатынан 13 адам, соның ішінде бес бала зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты Қарағанды-Ботақара тас жолында Toyota Voxy мен Chevrolet Cobalt көліктерінің қатысуымен болған. Салдарынан екі жүргізуші мен 11 жолаушы, оның ішінде бес бала бар, барлығы ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.