Жаңалықтар

Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кетті
Фото: gov.kz 05.01.2023 20:03 1163

Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың 05 қаңтарында сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде жаңа туылған нәресте бар жедел жәрдем көлігі тас жолдан шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанына және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтады.

Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 м-ден астам қашықтықта болды. Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған.

Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киімдер жеткізілді.

Сондай-ақ, баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды.

Қызметкерлердің  уақтылы әрекетінің арқасында бала жедел жәрдемге жеткізіліп, кейін Қарағанды ​​қаласының ауруханасына жатқызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға