Қарағанды облысында ТЖМ күшімен 2 адам құтқарылды
29.12.2024 09:16
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында қарда қалған екі адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының Осакаров ауданында, Шідерті ауылынан 20 шақырым жерде, екі жеңіл автокөлік қарға батып қалды. Оқиға түнде болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шұғыл түрде көмекке шығып, екі адамды жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялады. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ тұрғындарға дауылды ескерту кезінде, әсіресе түнгі уақытта, алыс сапарлардан және жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

