Жаңалықтар

Қарағанды облысында шахтада болған жарылыста жоғалған бесінші адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысында шахтада болған жарылыста жоғалған бесінші адамның мәйіті табылды
Фото: © El.kz 20.08.2023 01:27 1366

АрселорМиттал Теміртау 17.08.23 Көмір департаментінің«Казахстанская» шахтасында өрт болып, нәтижесінде бес әріптесіміздің қаза табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ертеректе хабарланғандай, апат кезінде«Казахстанская» шахтасында 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адамжерге көтеріліп, 5 адам опат болды.

Үлкен өкініш пен қайғымен біз мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

Бұл апаттан мен қатты күйзеліптұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыруүшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздіңбарлық күш-жігерімізге үлкен зиян келтірді. Қазір айтуғаболатын ешбір сөз жақындарынан айырылғанотбасыларды жұбата алмайды. «АрселорМитталТеміртау» атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялайалмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардапшеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір біздің бар ойымыз әріптестеріміздің отбасыларымен бірге және оларға қажетті қолдауды барынша көрсетеміз, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры. 

«АрселорМиттал Теміртау» апаттың себептерін толықтергеу үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмысістеп жатыр. Әзірге барлық фактілер нақты белгісіз.  
 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға