Қарағанды облысында қатты жел жолаушылар автобусы аударылып қалды
21.01.2025 13:00
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қаңтар күні сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау — Ақтау — Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

