ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында өрт шыққан үйден үш адам құтқарылды

30.09.2024 21:40

Қарағанды облысының өрт сөндірушілері үш адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қарағанды қаласындағы Мамраев шағын ауданында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Үйдің бірінші қабатындағы кіреберісте 0,5 шаршы метр алаңда электр қалқанындағы электр сымдары жанған.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды, - делінген мәліметте.

Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.