Жаңалықтар

Қарағанды облысында көмір шахтасы өртеніп жатыр

Қарағанды облысында көмір шахтасы өртеніп жатыр
Фото: © El.kz 17.08.2023 12:33 1680

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мәліметінше, шахтада 227 адам болған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. 

Қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 101 адам жер бетіне шығарылған.

17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтадан бүйірлік оқпан арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 101 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді, – делінген облыс баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға