Қарағанды облысында колониядан қашқан сотталушы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
07.06.2024 12:42
534
Қарағанды облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Сотталушының жүрген жерін колония қызметкерлері анықтаған. Ол алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқаны айтылды.
Сотталған адам мекемеге қайтарылды. Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтару екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін бостандыққа шығуына үш ай қалған тұтқын колониядан қашып кеткенін хабарлаған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылында ахуал тұрақтанды
Келесі жаңалық
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді