Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
22.12.2024 14:49
Фото:
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды облысының полиция қызметкерлері «Қарағанды-Астана» тас жолында тоқтатылған Audi A6 көлігінен жалпы салмағы 266 кг болатын 13 қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.
Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

